"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 16 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретіе мектебі" КММ орыс сыныптарында тарих (декреттік демалыс кезінде), информатика, орыс тілі және әдебиет, математика (декреттік демалыс кезінде) (орыс сыныптарына) пән мұғалімдер лауазымына ашық конкурс жариялайды"Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретіе мектебі" КММ орыс сыныптарында тарих (декреттік демалыс кезінде), информатика, орыс тілі және әдебиет, математика (декреттік демалыс кезінде) (орыс сыныптарына) пән мұғалімдер лауазымына ашық конкурс жариялайды

05.08.2025

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 145 115 теңгеден 195 754 теңгеге дейін

Лауазымдық міндеттері:

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

      журналдарды (қағазнемесеэлектрондық) толтырады; оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

     оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

     білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төменемес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

     оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

     білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

     инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

     ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

     арнайыбілім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзегеа сырады;

     интерактивті оқу материалдарымен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

     әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

     ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

     ата-аналарға кеңес береді;

     кәсіби құзыреттілікті арттырады;

     еңбек қауіпсіздігі және еңбектіқорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

     білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

     ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдар мен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

     тізбесінбілім беру саласындағыу әкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

     білімалушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлық қақарсы мәдениетті, Академиялық адалдыққа ғидаттарын бойына сіңіреді.

  Білугетиіс:

     ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы, ҚазақстанРеспубликасының "Білімтуралы", "Педагог мәртебесітуралы", "Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы", "ҚазақстанРеспубликасындағытілтуралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдаутуралы" заңдары, білімберудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтықактілер;

     Оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика мен психология;

     пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

     педагогикалық этиканың нормалары;

      медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

     оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

     құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

     еңбекзаңнамасының негіздері, еңбекқауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      66. Біліктілікке қойылатын талаптар:

     Тиісті бейінбойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылғадейін орта мектепті бітіргені туралы  құжат;

     және (немесе) біліктілігініңжоғарыжәне орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

 

Конкурс " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді

Конкурсқа келесі құжаттарды электрондық түрінде жолдайды:

 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.

Просмотров: 1082


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст